Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 2 айда Қазақстан мен Қытай арасында тауар айналымы 30 пайызға артты - А. Мамин

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2017
  • 2602

Соңғы 2 айда Қазақстан мен Қытай арасында тауар айналымы 30 пайызға артты. Қос мемлекеттің вице-премьерлер кездесуінде Асқар Мамин осылай деді. Бұл жоғарғы көрсеткіш. «Жібек жолы» транспорттық инфрақұрылымның дамуы екі ел арасындағы инвестициялық серіктестікті жаңа белеске шығарып отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымал 2017 жылдың 3 айында өткен кезеңге қарағанда екі есеге артып отыр. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының "Бір белбеу, бір жол" жобасының іске асқанын көрсетеді.