Русский Сайттың толық нұсқасы

Әмір Омарханов Жапониядағы турнирдің ширек финалында сүрінді

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2024
  • 63

Әмір Омарханов Жапонияның Осака қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J500 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ширек финалында колумбиялық Мигель Тобоннан (20 ITF Juniors) - 6:4, 3:6, 2:6 - есебімен жеңілді.

Бұған дейін Әмір Омарханов Егор Плешивцевті (95 ITF Juniors) 4:6, 6:1, 7:5 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған болатын.