Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2024
  • 235

Маңғыстау облысында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы кеден бекеттері бірінің жанында 44 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден 64 дана киік тұқымдас жануардың мүйіздері табылып, тәркіленді.

«Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.