Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді соққыға жықты

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2024
  • 293

Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққаны бақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баланы ұрған. Мұндай қызметкерлердің болатыны өкінішті», – делінген бейнеролик сипаттамасында.

Жетісу облысының прокуратурасы бұл факт бойынша Талдықорған қаласының полиция басқармасы іске кіріскенін хабарлады. Бұл факт облыс прокуратурасының бақылауында.