Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 123

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстанды дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – әулеттің өнегелі дәстүрін жалғастырып, кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылған үлгі боларлық адал азаматтың мерекесі.

Біз еңбек мәдениетін дамытып, өскелең ұрпақты еңбекті құрметтеуге тәрбиелей отырып, еңбек адамы әрқашан ерекше құрметке ие болатын қоғам құрамыз. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға септігін тигізбек, - деп жазды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен.