Русский Сайттың толық нұсқасы

“Бақытты қаласаңыз, бақытпен бөлісіңіз“. Баян Мақсатқызы кіші қызын қырқынан шығарды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 132

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы және оның жары Тұрсен Алагөзов Алма есімді қыздарын қырқынан шығарды. Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында қырқынан шығару рәсімінен видеолар жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 Продюсер дастарқанды алмалармен безендірген.

Тортты да алма пішінінде жасатқан.

Баян және Тұрсен Алагөзовтер қыздарының қырқынан шығару рәсіміне туғандары мен жақын достарын шақырған. Қырқынан шығару рәсімінде қоржындар да таратылды.

"Бақытты болғыларыңыз келсе, болыңыздар! Бақыт сырттан келмейді, оны өзіңізден, жан дүниеңізден және сізді қоршаған нәрселерден табу керек! Бақытты қаласаңыз, бақытпен бөлісіңіз! Бүгін бақытты күн", – деп жазды Баян Алагөзова.