Алматы облысында осы жылдың шілде айында жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы LIDER.KZ волонтерлері Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1994 жылы туған Балтабай Азамат Маратұлы 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен. Ер адам Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-2 шағынауданы, 6 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, арық денелі, қара шашты, білектерінде тату суреті бар.