Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда қолында ұзын пышағы бар ер адам екі үйге от қойып, дүкендерді де талқандады

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 317

Германияның Эссен қаласында болған бірқатар шабуылдар мен өртке қатысты күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

41 жастағы Сирия азаматы жүк көлігімен екі дүкенді талқандап, содан кейін екі тұрғын үйді өртеп жіберген.

"Кем дегенде 31 адамның жарақат алғаны, оның ішінде сегіз бала бары белгілі. Олардың көпшілігі өрт кезінде күйік алған", деп жазады басылым.

Содан кейін ер адам ұзын пышақпен көшеде жүгіріп жүрген. Дүкендердің бірінің ауласында оны полицей ұстады. Бүгін, 29 қыркүйекте ол сот алдында жауап береді. Оның мұндай қылмысқа бару себептері белгісіз.