Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мектепке сәттілік әкелу үшін": Директор мен бір топ ұстаз оқушыны қара магиямен құрбандыққа шалған

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 351

Үндістандағы Хатрас қаласында директор мен бір топ ұстаз мектепке сәттілік әкелу үшін оқушыны құрбандыққа шалған. Жатақхана төсегінен баланың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицейлердің айтуынша, жеті жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған. Кісі өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталған.

Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх, оның ұлы сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды. Олар мектепке сәттілік әкелу үшін салттық құрбандық жасаған.

"Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған", – деді полиция қызметкері Химаншу Матур.

Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.