Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да көкпар кезінде бірнеше көрермен жарақат алды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2024
  • 145

Батыс Қазақстан облысында көкпарды өткізу кезінде жылқылар көрермендер отырған тұстағы турникеттерден секірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 28 қыркүйегінде орын алған, салдарынан бірнеше адам жарақат алды.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар болмады деп нақтылайды.

Турнир Бәйтерек ауданының 85 жылдығының мерейтойына арналған. Жарысқа БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарының командалары қатысты.