Мексиканың оңтүстік-батысындағы Тынық мұхиты жағалауына бір аптадан бері «Джон» дауылы соғып тұр. Табиғаттың дүлей күшінің салдарынан 22 адам қаза тапқан. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Су басқан үйлерден тұрғындар эвакуациялануда. Мексиканың ең кедей штаттарының бірі Геррерода 18 адам қаза тапты. Көшкін көптеген үйлерді қиратты. Жергілікті БАҚ Оахакада үш адам, ал солтүстік Мичоакан штатында бір бала өзенге батып кетті, деп хабарлады.
«Джон» дауылы Геррероға жеткенге дейін қатты көтерілген. Апта бойы тайфун жағалау бойымен қозғалып, қатты жаңбыр мен су тасқынын әкелді.
Су басқан аумақтарды қайықтар мен серфингпен көшіріп жатқан тұрғындар үкіметтен көмек сұрады. Өйткені қала 2023 жылғы сұмдық дауыл салдарынан енді айығып жатыр, бірақ бір жылдан аз уақыт ішінде ел екінші рет апатқа ұшырады.
Өткен қазан айында «Отис» дауылы Акапулькоға 5-санаттағы дауыл күшімен соққан, жағалауға жақын жерде тез күшейіп, 50-ден астам адамның өмірін қиды және миллиардтаған доллар шығын әкелді. Бірақ Джонның жауын-шашыны Отис дауылынан үш есеге көбірек болды.
Метеорологтардың айтуынша, мұхит температурасының көтерілуі дауылдарды күшейтіп, олардың тез өсуіне мүмкіндік береді.