Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум күні Астанада жолақы тегін болады

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2024
  • 169

6 қазан, жалпыұлттық референдум күні Астанада қоғамдық көлік тегін жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, сол күні қала маңындағы автобустар да жолақы алмайды.

«6 қазан, республикалық референдум өтетін күні Астанада қала және қала маңы бағдарларындағы автобустар жолақы алмайды. Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазан, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді», - деп хабарлаған әкімдік.