Елімізде 21 мыңға жуық такси жүргізушісі кәсіпкер ретінде тіркеліп, бюджетке 695 млн теңге салық түсірген. Бұл былтыр іске қосылған өзін-өзі жұмыспен қамту пилоттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Такси жүргізушілері айлық табысының 1 пайызын салыққа төлесе, қалған 3 пайыз әлеуметтік төлем жасайды. Яғни, кәсіпкер таксопарктерге артық шығын шығармайды. Сондай-ақ салық бойынша есеп берудің қажеті жоқ. Ол автоматты түрде жүзеге асырылады, дейді мамандар.
ЕРҚАНАТ ШЫНБЕРГЕН, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Солардың әлеуметтік кепілдігі туралы ойлануымыз қажет. Олар көбінесе закридитованный болады, кредиттары бар, қиын жағдайда жүргендері бар. Олардың әлеуемттік төлемдері төленбей ертең зейнетақы ала алмайды. Медициналық қызмет түрлерін ала алмайды. Солардың мәселесін шешу, ең басты мақсатымыз сол.