Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық мамандар даярланады

«АМАНАТ» партиясының мүшелері Өскемендегі еңбек ұжымдарының өкілдерімен және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Онда Атом электр станциясының экологиялық қауіпсіздігі және атом өнеркәсібі үшін отандық мамандарды даярлау қажеттілгі туралы айтылды. Сондай-ақ халықтық штаб мүшелері ядролық генерацияның экономиканың жаңа салаларын дамытуға мүмкіндік беретініне кеңінен тоқталды. Нәтижесінде шикізаттан терең өңдеуге көшуге мүмкіндік туып, жаңа кәсіпорындар ашылады. Еске салайық, Шығыс Қазақстандағы жоғары оқу орындары көп жылдар бойы атом саласы мамандарын дайындап келеді. 

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы Шығыс Қазақстанда екі ірі, жоғарғы оқу орны бар. Осы жоғарғы оқу орындары бүгіннің өзінде ядролық физика бойынша, атом энергетикасы бойынша қазірің өзінде маман дайындауды бастады. Сондықтан болашақтағы Қазақстанның атом сферасының үлкен бір фундаменті Шығыс Қазақстан болады деуге бардық негіз бар.