Русский Сайттың толық нұсқасы

Футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалы өтуде

Дәл қазір Ташкент төрінде Қазақстан және Аргентина құрамалары шеберлік байқасуда. Алғашқы тайм аяқталуға жақын. Әзірге есеп ашылған жоқ.  Футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалы аясындағы ойын 12500 адам сыятын «Хумо Арена» спорт кешенінде өтуде. Қазақстандықтар аренаны көк-сары түске бояп, жеңісті жақындатуға атсалысуда. Матчқа дейін жанкүйерлер шеру ұйымдастырып, аяқдопшыларды қолдады. 

НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН, ҚАЗАҚСТАН ФУТЗАЛ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Ұлттық құрама жігіттеріне сәттілік тілейміз. Барлық жанкүйерлер Ташкенттегі жанкүйерлер шеруге қатысты. Сондықтан жеңіске бірге жетейік. Алға Қазақстан!

Қазақстан топтық кезеңде Испаниямен иық тіресіп, қос қарсыласын айқын басымдықпе жеңген. Одан кейін Португалияны жарыс жолынан шығарды. Енді Оңтүстік Америка чемпиондары Аргентинаның апшысын қуырсақ деген ниетте. Аргентиналық футзалшылар 2016 жылғы әлем чемпионы саналады. Әрі 2021 жылы өткен жарыста күмісті қанжылаған. Олар осы ойында да бар шеберлігін көрсетіп, жартылай финалға шығуға талпынады. Бірақ жерлестеріміз жеңісті оңай бере салмайтынына сенеміз.