Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Астанадағы қоғамдық көлік паркі жаңа 320 автобуспен толығады

Биыл Астанадағы қоғамдық көлік паркі жаңа 320 автобуспен толығады. Қазірдің өзінде 55 автобус әкелінген. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шыққан. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады. Енді автобусты сағаттап күтетін мәселе шешіле ме? Әріптесіп Бекболат Сатуов жауаптылармен бірге тексеріп жатыр. Қазір тікелей эфирге қосылуға әзір тұр. Бекболат, қоғамдық көлік көбейсе жолаушылар аялдамада ұзақ тұрмайтын шығар. Интервалы азая ма?

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Кеш жарық, Қасымхан! Иә, дәл қазір жұмыстан шыққан халықтың үйге асығатын сәті. Мен министрлік үйінің жанындамын. Мұндағы аялдамаларда жұрт абыр-сабыр. Қоғамдық көліктер лық толатын уақыт. Ұзақ күткен автобусына сыймай қалатындары да бар. Кешіріңіз Сіз нешінші автобусқа мінесіз? Қанша уақыттан бері күтіп тұрсыз?

Тұрғын:

Қазір автобус парк жаңа көліктермен толығуда. Бұл жолаушылардың аялдамада ұзақ тұрып қалмауына септесе ме? СТS компаниясының басқарушы директоры Орынбасар Агбаев сұрап көрсек.

ОРЫНБАСАР АҒЫБАЕВ, CITY TRANSPORTATION SYSTEMS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Нақты тоқталайықшы қаладағы қоғамдық көліктер саны қанша? Автобустардың интервалы қысқарды ма?
- Тамыз айынан бастап жол ақысы көбейгенін білеміз. Бұл қаражат жалпы автобусдардың шығынын толық өтеуге жеткілікті ме?

Айта кетейік, 6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады. Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. Қасымхан мендегі бар ақпарат осы. Сөз тізгіні өзіңде!