Русский Сайттың толық нұсқасы

Ливанда соңғы екі аптада 105 адам қаза тапқан

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2024
  • 227

Израильдің дүйсенбідегі Бейрутке жасаған соққысынан ХАМАС-тың 3 көшбасшысы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

Бірнеше елде террористік ұйым ретінде танылған Палестинаны азат ету жөніндегі халықтық майданның 3 жетекшісі Бейруттың Кола ауданына жасалған шабуылдан қаза тапқан. Оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохамед Алдел-ал бар. Ал ХАМАС-тың Ливандағы көшбасшысы Фатех Шериф Әбу әл-Әмин ұл, қызы, әйелімен үйінде опат болған.

ЦАХАЛ бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ, тек түнде Ливанның шығысындағы Хезболла нысандарына шабуыл жасағанын хабарлады.

Израильдің соққыларынан кейінгі екі аптада Хезболланың бірнеше лауазымды басшылары қаза тапты. Оның ішінде Хасан Насыралла өткен сенбіде Бейрутте қаза тапқан. Насыралла Хезболланы 1992 жылдан бері басқарған. ХАМАС пен Хезболла ұйымдары қаржылық қолдауды Ираннан алып отыр.

Өткен жексенбіде Израиль Йемендегі хуситтер мен Хезболланың ондаған нысанын бомбалаған. Салдарынан кем дегенде 4 адам өліп, 33 адам жараланған. Израиль билігі мұны жақында жасалған хуситтердің шабуына қарымтасы екенін айтқан. Олардың дерегіне сенсек, ЦАХАЛ ирандық қару-жарақты тасымалдайтын нысандарды жойған. Хуситтердің жоғарғы саяси кеңесі Израильдің соққысына жауап болатынын ескертті. Израиль сол күні Ливанның оңтүстігіндегі және басқа аудандарындағы Хезболланың ұяларына қатар соққы жасады. Кешкісін «120 нысанды жойдық» деп мәлімедеді. Ливан билігі бұл шаубылдардан 105 адамның бақилық болып, 350 адамның зардап шеккенін айтты. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, кейінгі екі аптада мыңдаған ливандық қаза тауып, 6 мың адам жарақаттанды, оның ішінде қаншауы бейбіт тұрғын болғаны белгісіз. Сонымен қатар, миллион адам босып кеткен.

Израиль Хезболланың толассыз бомбалауынан кейін үйлерін тастап қашқан елдің солтүстігіндегі тұрғындар қауіпсіз сезінгенше қақтығысты жалғастыратынын айтқан.

Вашингтон екі тарапты дипломатиялық шешімге келуге шақырып отыр. АҚШ президенті Джо Байден Израильдің премьер-министрі Биниямин Нетанянхумен сөйлесуді жоспарлаған.

Палестинаны азат ету жөніндегі халықтық майдан – Изарильге қарсы құрылған әскери топ. АҚШ, Канада, ЕО, Ұлыбританияда террористік ұйым деп танылған.