Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда 7,5 мыңнан астам дрон бір мезетте әуеге көтерілді

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2024
  • 162

Қытайда дрондар шоуы кезінде әлемдік рекорд орнатылды. Мұнда 7600-дай ұшу аппараты бір уақытта көкке көтерілген.

Құрылғылар түнгі аспанда Ұлы Қытай қорғаны, айдаһар, жолбарыс секілді түрлі пішіндерді келтірген. Рекорд орнату үшін дрондар оларды кемі 20 секунд ұстап тұру керек болған. Бірақ жолбарыстың аспандағы бейнесі 37 секундқа дейін сақталды.

Ең қызығы, шоу кезінде мыңдаған аппараттың барлығы бір ғана ноутбуктен басқарылған. Бұған дейінгі рекорд кезінде көкке бір уақытта 3 мың дрон көтерілген еді,- деп жазады 24kz.