Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әкімдігі құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді салуға жаңа инвестор іздеп жатыр

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2017
  • 3685

Астанада құрылысы бітпей қалған проблемалы тұрғын үй кешендеріндегі жұмысты жандандыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатыр. Бүгін қала әкімдігі мен қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті. Құрылысын аяқтау қажет деген 9 нысанның қатарында «Араби-2», «Скай сити», «Алға Самал», «Байтау», «Столичный-2», «Үміт береке», «Әзірет Астана», «Жайлау сити», «Табыс Құрылтайдың» атауы көрсетілген. 2000 мыңға жуық салымшысы бар бұл тұрғын-үй кешендерін аяқтаймын дейтін қалталыларға жергілікті билік өкілдері қол ұшын созуға әзір.

Дәулет Досқұлов, Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

Инвестор мен тұрғын үй-құрылыс кооперативі арасында келісім жасалады деп жобаланып отыр. Яғни нысандағы бос алаңдар құрылысты аяқтаушыға беріледі. Бұл қаражат құйған тарапқа пайда есебінде қалады. Егер қызығушылық танытқан өкілдер болса, қалалық билік мен құқық қорғау органдары рұқсаттама құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдеседі. 

Көрмеге 10 шақты кәсіпкер келді. Олар жобалардың нобайын көрсетіп, талаптарды түсіндірді. Бірақ сол сәтте шешімді ешкім қабылдаған жоқ. Сондықтан келісімшаттарға қашан қол қойылып, құрылыс қашан жанданатыны белгісіз. Ал құрылысты бастап, аяқсыз қалдырған компаниялар болса, тексеріліп, тіисті жауапкершілікке тартылып жатыр. Ал Астанада құрылысы аяқталмаған барлығы 52 нысан бар.

Темірлан Әділханов, Астана қаласының бөлім прокуроры:

Тергеу амалдары 6 іс бойынша жүргізіліп жатыр. 24 адам сотталды. 21 қылмыстық іс бойынша шешім шығарылды. Сотта қазір 1 іс бар. Тергеу органдарында 6 іс бар.

Айбек ҚОСАНОВ