Русский Сайттың толық нұсқасы

Шанхайда белгісіз ер адам үш тұрғынды пышақтап кеткен

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2024
  • 145

Шанхай супермаркеттерінің бірінде пышақ ұстаған ер адам үш адамды өлтіріп, 15 адамды жарақаттаған. Бұл туралы RFA хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, оқиға орнына келген полиция 37 жастағы күдіктіні ұстаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала тергеуден кейін күдікті жеке қаржылық мәселелерге байланысты супермаркетке сауда жасауға келген адамдардан өш алғысы келіп, шабуыл жасағаны анықталды.

Шабуылдаушы барлығы 18 адамды жарақаттады, олардың үшеуі кейінірек ауруханада қайтыс болды.

Полиция бұл істі тергеуді жалғастыруда.