Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі күйіп қалды

Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі күйіп қалды. Өртке қарсы қызметтің дерегінше, отқа оранған техника қаладағы кәсіпорындардың біріне тиесілі екен. Құтқарушылар тілсіз жауды дереу ауыздықтағанымен, автобустың сау-тамтығы қалмай, түгел жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, дегенмен жүргізушінің денесі күйіп қалған. Жедел жәрдем шұғыл көмек көрсеткенімен көлік иесі ауруханаға барудан бас тартыпты. Мамандар оның жеңіл жарақат алғанын айтады. Дегенмен жылыту маусымының басталуына орай, көлікте өрт қауіпсіздігіне барынша сақ болуды ескертеді.

МЕРЕКЕ ЖҰМАҒАЛИЕВ, БҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Орал қаласындағы Г.Потанин көшесінде автобустан өрт шығып, жақын тұрған жеңіл автомобиль зақымданған. Өрттің шығуына техникалық ақау себеп болған.