Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын қызғалдақ тергені үшін жауапқа тартылмақ

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2017
  • 4304

Қызғалдақты жұлғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 3 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қазығұрт ауданының 38 жастағы азаматы Қызыл кітапқа енген қыр гүлінің «Грейг» деп аталатын сортын жұлып қана қоймай, жол бойында сатып тұрған жерінде ұсталды.

Полиция қызметкерлері одан айғақты зат ретінде 16 дана қызғалдақ тәркіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қандай жаза қолданылатынын сот шешетін болады.

Берік Қыдырәлиев, ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

ҚК 339 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ол «Өсімдіктердің немесе жауануарлардың сирек кездесетін және құрып кетуіне қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу». Бұл бап бойынша 3 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл салу көзделген немесе түзеу жұмыстарына жегу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеуге немесе айыру көзделген.