Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да өрт сөндірушілер 6 баланы өрттен құтқарды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 60

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінде бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 3-қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен 10 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өрт 6 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.