Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы сал ауруына шалдыққан сәбиге көмектесті

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2017
  • 2775

Билік партиясының Қостанай облыстық филиалы сал ауруына шалдыққан сәбиге қол ұшын созды. Нұротандықтар Рудный шаһарындағы Данил есімді балаға құны қымбат құрылғы сатып алып берді.

Данил Бурак дүние есігін ашқаннан сал ауруына шалдыққан. Диагнозын естіген әкесі үйден кетіп қалған. Екі жастағы баланы анасы жалғыз бағып отыр. Нұротандықтар көмекке мұқтаж ана жайлы жергілікті басылымда жарияланған мақаладан біліпті. Партия өкілдері дереу Рудныйға хабарласып, науқас балаға қажет құрылғыны іздеуге кіріскен. Ал облыстық мәслихат депутаты Нұркелген Өтеулин арнайы орындықты сатып алуға ақша берген. Ол баланың кеуде мен басын тік ұстауға көмектеседі.

Мария  Бурак, Рудный қаласының тұрғыны:

Науқас баланың күтіміндегі мен секілді анаға көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін «Нұр Отан» партиясына рахмет айтам. Енді осы орындықтың арқасында балам басын көтеріп, өз күшімен отыра алады деп сенемін.

Олжас Дүйсеков, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі:

Бұл отбасымен одан әрі араласып, қандай да бір көмек керек болған жағдайда, қол ұшын созуға дайынбыз. Жалпы бұл жұмыс «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Жоба мүгедек балаларға, мүмкіндігі шектеулі кісілерге көмектесуге бағытталған. Әрине, бұдан былай да бұл жұмыстар жалғасын табады.