Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ атты

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 130

Желіде көлік жүргізушісінің жанында келе жатқан көлікке оқ атқаны түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Алматы қаласында болған. Видеодан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai көлігінің жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады. Қақтығыстың себептері белгісіз.

Алматы Полиция департаменті видеодағы жүргізушілердің ұсталғанын хабарлады.

"Бұл факті бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – делінген полиция хабарламасында.