Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қарым-қатынастан үркіп қалдым": Балжан Бидаш жеке өмірінен сыр шертті

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 279

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бұрынғы жұбайы актер Жахан Отарғалиевке қатысты сұрақты да жауапсыз қалдырмады. “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды.

“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деді әнші.

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады.

“Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – деді эстрада жұлдызы.