Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жол апаты 90% көбейді

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 154

Елімізде жол апаты 90 процентке көбейген. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Astana TV.

"Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы ЖКО-ның себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым", - деп жазды "Х" әлеуметтік желісіндегі парақшасында.