Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта автобус өртеніп, 22 оқушы қаза тапты

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 136

Таиландта екі қабатты автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Автобус өртеніп, 25 адам қайтыс болды, оның 22-сі балалар. Утайтхани провинциясындағы мектептердің бірінің оқушылары Бангкокқа экскурсияға бару үшін жолға шыққан.

Көліктен 16 бала мен үш ересек адам эвакуацияланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі доңғалақтың жарылуы болды. Автобус металл қоршауға соғылып, кейін оның жанармай багы жана бастаған. Артынан жарылыс болып, көпшілігін құтқару мүмкін емес болған.