Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздық тұрғындар су арнасын тазалады

Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тағы жалғасын тапты. Аталған шара басталғалы Жамбыл жұрты 16 мың тонна қоқыс жинаған. Оған 773 мыңнан астам тұрғын атсалысқан. Тазалық шарасы бүгін облыс орталығы мен аудандарда тағы жалғасты. 200-ге жуық белсенді жастар мен түрлі сала қызметкерлері «Сеңкібай» каналының жағалауын қоқыстан тазартты. Бұл жұмыстар шаһар шырайын ашып қана қоймай, су тасқыны қатерінің алдын алуға да септігін тигізеді, - дейді жастар.

ДАРХАН ҚУАНЫШҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім осы қалада тұрғаныма 8 жыл уақыт болды.Тазаланбаған жерлер тазаланып, былайша айтқан кезде қаланың тазалық бейнесін келтіріп отыр ғой. Енді осылай өз жалғасын тапса деймін келесі жылы да. Себебі «Жасыл ел – тараз» үлгермейді. Біз жастар болып қоғамдық сала өкілдері болып көмектесеміз.