Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ақылға қонымсыз”: Аймағамбетов мұғалімдердің сабақ барысын видеоға түсіріп, желіде бөлісуін сынады

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2024
  • 165

Қазақстандық ата-аналар соңғы кезде оқушылар мен мүғалімдерді видеоға түсіріп, челленджерге қатыстыру үрдісінің көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Парламенті мәжілісінің депутаты, бұрынғы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұндай тенденцияға қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймағамбетов мұғалімдердің негізгі міндеті білім беру екенін алға тартты.

"Жақында, тіпті КВН-да осы туралы қалжың көріп қалдым. Бұл видео түсіру, оны желіге жүктеу қалыпты жағдайға айналғанын көрсетеді. Сабақтарды немесе тәрбиелік іс-шараларды түсіріп, өңдеп, әлеуметтік желілерде жариялап жатады. Бұл қаншалықты дұрыс? Біріншіден, мектеп оқушыларының түрін рұқсатсыз жарияланып жатады. Мысалы, менің балаларымның түрі жарияланғанын қаламаймын, өйткені бұл балалардың жеке құқығы. Мұғалім балаңыздан оның фотосын немесе видеосын әлеуметтік желіде жариялау үшін рұқсат сұрауы керек. Екіншіден, бұл мұғалімнің негізгі міндетіне кері әсерін тигізеді. Мұғалім сабақты өткенін түсірумен, оны монтаждап, бөлісумен айналыспауы керек", – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Аймағамбетов мұғалімдер уақыты мен күш-қуаты сабақ беруге және оқушыларды тәрбиелеуге бағыттау тиіс екенін айтты. Әрине, қосымша шараларға қатысуға ниет білдірген мұғалімдер де болуы мүмкін, бірақ бұл міндеттелмеуі керек дейді ол.

“Күн сайын 100 шақты мектеп өткізіп жатқан іс-шарасын желіде бөлісіп, менің парақшамды белгілейді. Бірақ бұл көбіне формальді түрде жүзеге асып жатқан үрдіс сияқты. Мұғалім сабақ беруі керек, оның өз міндеттері бар. Бұл ақылға қонымсыз және қажетсіз идея", – деді Асхат Аймағамбетов.