Русский Сайттың толық нұсқасы

«Соңғы жылдары елімізде түбегейлі реформалар қолға алынды», - Е.Қошанов

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2024
  • 279

Соңғы жылдары елімізде түбегейлі реформалар қолға алынды. Астанада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен мәслихат депутаттарының форумында Ерлан Қошанов осылай деді.

«Конституциялық өзгерістердің нәтижесінде саяси институттардың үйлесімді жұмысы жолға қойылды. Бұл реформалар түйткілді мәселелерді шешуге, байыпты шешімдерді қабылдауға жол ашты. Заң шығарушы органның қызметі мен мазмұны да толықтай өзгерді. Көппартиялы Парламент түрлі пікірлерді тоғыстырған қоғамның үніне айналды. Қазіргі уақытта күн тәртібіндегі кез келген мәселе Парламент қабырғасында ашық талқыланып жатыр. Азаматтарды алаңдатқан ең көкейкесті мәселелер заңнамалық деңгейде шешімін табуда. Мысалы, халықтың несие қарызы, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, лудомания, есірткіге тәуелділік, вейптер сияқты кеселдерге заңмен тосқауыл қойылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы, осының бәрі – Өзіңіз айтып жүрген заң үстемдігі мен тәртіп қағидасының іс жүзіндегі көрінісі.», -деді ол.