Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында ер адам орманнан қайыңның 40 көшетін ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 315

Ақмола полицейлері орман қоры аумағынан қайыңның 40 көшетін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Целиноград ауданының полиция бөліміне “Жасыл Аймақ” РМК қызметкерінен ұрлық фактісі туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Ер адам осы жылдың 26 қыркүйегінде мемлекеттік орман қоры аумағынан Hyundai Solaris көлігімен белгісіз қайыңның 40 көшетін ұрлап кеткенін хабарлады. Залал сомасы 1,5 млн теңгеден асты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1996 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.