Русский Сайттың толық нұсқасы

"Соңғы отырысымыз еді": Жанар Айжанова марқұм жолдасын есіне алды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 129

Танымал әнші Жанар Айжанова марқұм жолдасын есіне алып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жолдасының сыныптастарымен түскен фотосын жариялап, соңғы отырыс екенін айтты.

“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. мынау қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күніміз. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды әнші.

Әншінің қызы Айжұлдыз Адайбек әкесіне тартқанын жазған еді.

“Егер әкем тірі болғанда бауырым болуы мүмкін еді деп ойлаймын. Мен Америкаға кетіп, сол жақта тұрар ма едім. Бірақ Құдайдың өз жоспары бар, ол қателеспейді. Өзімді ешқашан жалғыз, әкесіз өстім деп есептемедім. Физикалық тұрғыда қасымда болмаса да, ол әрдайым менің ішімде деп ойлайтынмын", – деген еді актриса.