Қарағанды облысы Петровка ауылында жоғалған бала аман-есен табылды,-деп хабарлайды Astana TV.
Із-түзсіз кеткен 5 жасар бүлдіршінді іздеуге 400-ден астам адам жұмылған.
Өңірде баладан көз жазып қалған анасы бірден полицияға хабарлаған.
Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды.
Түн ортасында баланы Петровка ауылынан бір шақырымнан астам жерден тапқан.