Қазгидромет 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады
Скандинавиялық антициклонның ықпалымен 5-6 қазанда республиканың батысында, солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады.
7 қазанда солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар барады.
Жауын-шашын болып, жел күшейеді.