Русский Сайттың толық нұсқасы

27 оқушы уланып қалды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 240

Қызылорадада 27 оқушы уланып қалды. Бес бала  ауруханаға жеткізілген. 

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының ақпаратынша, оқушылардың неден уланғаны әзірге белгісіз. 

"27 оқушының жеткізілгені рас. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, балалар естерін біледі, тамақ іше алады. Қазіргі күні емделіп жатыр, 3-4 күнде үйлеріне шығарылады", делінген олар таратқан ақпаратта. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу басталған.

"Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейі баллонын қолдану дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.