Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ядролық сектордағы қауіпсіздікті реттеу қажет", - халықаралық сарапшы

Қазақстан -көмір қоры бойынша ең бай елдердің бірі. Алайда атом энергетикасында өз әлеуетін көрсете алмай отыр. Бұл туралы Оңтүстік Африканың халықаралық ядролық коммуникациялар және технологиялар жөніндегі маманы, Africa4Nuclear негізін қалаушы Мтомбени ханшайым айтты. Ол АЭС-тің басқа мемлекеттердегі жетістігімен бөлісті. Мәселен зауыт коммуналдық қызметтерді сағатына бір киловатт үшін ең арзан электр қуатымен қамтамасыз етеді. Бұл тіпті Оңтүстік Африкада көп кездесетін көмірден де арзан. Сарапшы атом электр станциясын салуда ең бастысы ұлттық заңнамаларды әзірлеу және бағдарламаны жүзеге асыру үшін тәуелсіз органдар құру, сондай-ақ ядролық сектордағы қауіпсіздікті реттеу қажет дейді. 

МТОМБЕНИ ХАНШАЙЫМ, ОҢТҮСТІК АФРИКАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ, AFRICA4NUCLEAR НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Біздің Коэберг атом электр станциясы энергетика кәсіпорындарын сағатына бір киловатт үшін ең арзан электр қуатымен қамтиды. Бұл көмірден де арзан. Ал оның Оңтүстік Африкада өте көп екені белгілі. Станцияда 2 мың адам жұмыс істейді. Бәрі- жергілікті тұрғындар.