Русский Сайттың толық нұсқасы

Инвесторлар геологиялық зерттеу жүргізуге құлықты емес

Инвесторға қойылатын тәртіп пен талап ашық болуы керек. Бұл туралы Қазақстан жер қойнауын геологиялық зерттеу тақырыбында өткен басқосуда айтылды. Жиынға "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, геология саласының маманды мен сарапшылар қатысты. 

Бас қосуда Қазақстан жер қойнауын геологиялық зерттеу мәселелерінің қазіргі жағдайы және негізгі проблемалары сөз болды. Сондай-ақ, жер қойнауын зерттеуге инвестор тарту мәселесі өзекті екені айтылды. Себебі Президент өз қаржысына геологиялық зерттеу жүргізген инвестордың жер қойнауын пайдалану кезінде басым құқыққа ие болуын қамтамасыз ету керек екенін тапсырған.

ХАИРЛЫ АБИЛХАСИМОВ, АКАДЕМИК:

Бүгінгі дөңгелек үстелдегі басты мәселе ол Президентіміздің тапсырмасын орындау. Яғни ең бастысы инвестор тарту. Бұл мәселе өте маңызды. Мұны біз талқылап жатқанымызға жылға жақындады. Энергетика министрлігіде бүгін өз ұсыныстарын айтып жатыр.

Сарапшылар атап өткендей, қазіргі уақытта еліміздің барлық өнеркәсіп салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру қажет. Ол үшін алдымен инвесторға қолайлы климат қарастыру керек дейді,-сарапшылар.

ҚАЙРАТ АЙТБАЙ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Инвестиция тарту үшін оған жағдай жасау керек. Жағдай бар ма, жағдай жоқ па? Осы жерде бәрі айтылады. Әрине, егерде инвестрге, белгілі бір жағдай жасалмаса, инвестор келмейді. Ал келу үшін не істеу керек. Оған тәртіптер, берілетін кепілдіктер барлығы ашық болу керек. Егерде келетін болса инвестор. Неге ақша салады, сол салған ақшасының нәтижесін қалай көреді.

Дегенмен, әлі күнге дейін инвесторларға қағаз жүзінде басымдық берілмеген. Сондықтан олар жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізуге мүдделі болмай отыр. Ал, мұндай құқық берілген жағдайда бәсекелестік бизнес-ортаны жандандыруға мүмкіндік береді.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар геология саласының ардагерлері мен кәсіпкерлердің ұсыныстарымен ҚР Президентіне хат жолдау туралы шешім қабылдады.