Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық маманның алаяқтыққа қатысты жасаған жобасы Ресейде үздік деп танылды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2024
  • 294

Алаяқтықпен күресуге бағытталған қазақстандық жоба Ресейдегі конкурста үздік деп танылды. Сочидегі қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиадада отандық комплаенс – Айдын Мұқашевтың кейсі жеңіске жетті. Жоба күрделі сараптама жасап алаяқтық пен жылыстату арқылы табылған ақшаны анықтауға бағытталған. Сондай-ақ қылмыстық топ пен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұрады. Бұл жарыста 9 елдің қатысушылары бақ сынады. Айта кетейік, олимпиада 5 күнге созылды. Ел намысын бес жоғары оқу орнынан жасақталған 10 студент қорғады.