Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалар әдебиеті сын көтермейді

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2017
  • 3439

Тарихи кітаптар мен балалар әдебиетін жазуға жыл сайын мемлекеттік тапсырыс беріледі. Оған бюджеттен 300 млн теңге бөлу қаралған. Бүгін Жоғарғы палата Мәдениет мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Ал сенатор Манап Көбенов: "Балалар әдебиеті сын көтермейді. Дүкен сөрелерінен қазақ тілінде балаларға арналған кітаптарды таппайсың. Басқа елдер баспаларынан шыққан көздің жауын алатын кітаптар толып тұр. Кітап оқымайтын ұрпақ өсірмеу үшін бұл мәселені бүгін шешкен жөн", - дейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Осы заң арқылы арнайы шығармаларға тапсырыс беру мүмкіншілігін алатын боламыз. Заң қабылданғаннан кейін балаларға арналған жеке шығармаларға тапсырыс бере аламыз. Дегенмен, қазірдің өзінде «Атамұра», «Аруна», «Алматы кітап» сынды баспалалардың балаларға арналған қазақ тіліндегі әдемі кітаптары бар.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ