Русский Сайттың толық нұсқасы

Будапештте үйсіз-күйсіз жандардың санағы жүргізіледі

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2024
  • 255

Баспанасыздар санының артуымен күресу үшін ЕО ондаған елдің 15 қаласын қамтитын ауқымды зерттеуді бастады. Жергілікті үкіметтік емес ұйымдар көшеде немесе баспанасыз жүргендерді тіркеп, деректер жинап жатыр, деп жазады Еuronews.

Будапеште үйсіздер санағы басталды. Есептеу бойынша 1000-нан 1500-ге дейін адам көшеде және 5000-ға жуық адам Венгрия астанасындағы арнайы баспаналарда тұрады.

Көбісі сол жерде түнеу үшін тоқтайды.

Вайдахуньяд көшесіндегі арнайы баспана (Menhely Alapítvány) 90-шы жылдардан бері жұмыс істейді және қарттар үйіне ұқсайды.

Қор Будапештте тұрғын үйі жоқ қанша адам бар екенін анықтауға шешім қабылдады. Ал келесі жылы Венгрия астанасынан тыс жерде үйсіздерді санау жоспарланған. Зерттеу ЕО-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. Оған Будапешттен басқа қоғамдастықтың он елінен 15 қала қатысады.

2023 жылғы статистикаға сәйкес (FEANTSA жариялаған есептен), Еуропалық Одақта шамамен 890 000 адам көшеде немесе үйсіздерге арналған баспаналарда тұрады,-деп жазады Қазақпарат.