Русский Сайттың толық нұсқасы

Дина Төлепберген жаңа жоба бастады

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2024
  • 99

Тележүргізуші жаңа жобасын оқырмандарына таныстырды.

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа авторлық жобасын оқырмандарына ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Белгілі журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа «Din Dina Show» жобасы жайлы айтты. 

«Мен жаңа жобамен қайта оралдым. Қаншама жылдық тәжірибеге қарамастан, әр сұхбат – жаңа жол, әр әңгіме – ашылмаған терең сыр. Бұл жобада тек өмір сынақтарын жеңген әйелдер ғана емес, олардың жүрегінің күресін, түйген тұжырымдарын білетін боламыз. Өмірдің қайнарынан нәр алып, қайта туған жандардың шынайы болмысын көруге шақырамын. Маған сәттілік тілеңіздер, алда бізді тың дүниелер күтіп тұр!», - деді Дина Төлепберген.