Ауыл шаруашылық министрлігі заңсыз аңшылықпен күресті күшейтпек. Бұл туралы бүгін ведомсто басшының бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. Қазір браконьерлік фактісімен ұсталғандар әкімшілік жазға тартылып, айыппұл төлеп құтылады. Бұл ретте министрлік айыппұл көлемін көтеріп, аңшылардың қару-жарағын тәркілеу туралы ұсыныс білдіріп жатыр. Қазір бұл бастама парламент қарауына жіберілген.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
Браконьерлік көрсеткіші елімізде азаймай тұр. Әсіресе заңсыз балық аулау көп
тіркеледі. Сондықтан осындай бастама көтеріп отырмыз. Егер біз ұсталған
браконьерлерге айыппұл салып, қару-жарағы мен қайығын қайтарып берсек, ол
заңсыз әрекетін қайталамасына кім кепіл?!
Елдос САПАРҒАЛИ