Русский Сайттың толық нұсқасы

Тез дайындалатын кеспе жеуге болмайды

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2024
  • 296

Алғаш Қиыр Шығыс елдерінде пайда болған жылдам дайындалатын кеспе әлемге тез танылды. Қазақстан да шет қалмады. Tengri Life бұл тағамды жеудің қауіп-қатері бар-жоғын анықтап көрді, деп хабарлайды Astana TV.

Кеспе дайындауға көп уақыт қажет емес, ерекше дәмі бар және арзан. Ал әлеуметтік желілерде оның қауіптілігін ескертетін бейнероликтер жиі таралып жүреді.

Диетолог және тамақтану жөніндегі кеңесші Анастасия Малютина мұндай жартылай фабрикаттың шын мәнінде неге және қаншалықты зиян екенін анықтауға көмектесті.

"Жылдам дайындалатын кеспе құрамында сірне (крахмал түрі), тұз және трансмайлары бар. Сірне жоғары калориялы және салмақ қосуға әкеледі. Қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, қант май тініне айналады. Қант диабетімен ауыратын адамдар бұл өнімді мүлдем пайдалана алмайды", – деді Малютина.

Оның айтуынша, дәмдеуіштердің құрамында көп тұз бар, ал тұз ағзадағы сұйықтықты ұстап, ісінуге әкелетіні белгілі.

"Сондай-ақ егер тұзды артық пайдалансаңыз, бүйрек ауруы, бауыр ауруы және атеросклероз болуы мүмкін, трансмайлары майдың ең зиян түрі саналады", – деп ескертті диетолог.

Дене трансмайларды мүлдем сіңірмейді, сондықтан олар қанда ұзақ уақыт айналады, "жаман" холестерин деңгейін және атеросклероз қаупін арттырады.