Русский Сайттың толық нұсқасы

“Ыдыс жумаймын“. Танымал актриса қандай келін екенін айтты

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2024
  • 177

Жақында тұрмыс құрған актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасында өзінің қандай келін екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса Андрей есімді жігітке тұрмысқа шықты. Актриса ата-енемен бірге тұрмайтындарын айтты.

"Оның отбасы мені керемет қабылдады. Оның әкесі де, анасы да маған Фариза немесе келін деп емес, қызым деп қарайды. Үйіне келген бірінші күні анасы маған "сен келін емессің, сен басқа адам емессің, сен біздің қызымызсың, мен өмір бойы қызды болуды армандадым" деді. "Мен Құдайдан қыз сұрағанда маған сен секілді қызды берді, мен мұны сый ретінде қабылдаймын" деді. "Мен сені дэви деп атасам бола ма" деді. Ол "жарық" деген мағынаны білдіреді екен. Қатты еркелетеді. Мен олардың үйіне барғанда ыдыс жумаймын. Жудырмайды. Орнымнан тұрғызбайды. Мақтанғаным емес, бұл мені таңғалдырды. Шын мәнінде маған ештеңе істетпейді. Оның орнына "жай ғана отырып сөйлесейікші, әңгіме айтайық, шай ішейік, билейік" дейді. "Үйдің шаруасын істемей-ақ қояйықшы" дейді", – деді Фариза Ескермес.

Фариза Ескермес – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Актерлік шеберлік" мамандығын аяқтаған. Фариза Ескермес студент кезінен бастап қыздардан тұратын JayRun тобында ән айтты. Сондай-ақ ол "Бажа", "Алаяқтар", "Алтын тақ", "Дала қырандары" фильмдеріне түсті. Қазір "Жұлдызды жұп" шоуында Әли Оқаповпен бірге бақ сынап көріп жатыр.