Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да пойыз 22 бас ірі қараны қағып кетті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2024
  • 178

Солтүстік Қазақстан облысында темір жол қауіпсіздігіне қатысты оқиға тіркелді. 30 қыркүйек күні Алматы-Петропавл жолаушылар пойызының машинисті Жаңажол-Смирново арасындағы учаскеде шұғыл тоқтау амалдарын қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Алайда темір жолда жүрген малдың көптігінен пойыз тоқтау кезінде 22 бас ірі қара малды соғып кеткен. Оқиға салдарынан пойыз 14 минутқа тоқтаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі малдың иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

45 жастағы Аққайың ауданының тұрғыны темір жол жолағындағы мал бағу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.