Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысы бойынша 736 дауыс беру учаскесі есігін айқара ашты

Таңмен таласа Тобыл-Торғай өңірінің тұрғындары да референдум учаскелеріне ағыла бастады. Облыс бойынша 736 учаске есігін айқара ашты. 500 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасуға құқылы. Тікелей эфирге Қостанайдан тілшіміз Заңғар Санай қосылып тұр.Заңғар қайырлы таң! 

ЗАҢҒАР САНАЙ,ТІЛШІ:

Қайырлы таң! Біз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі нөмірі бірінші референдум учаскесінде тұрмыз.

Бұл жерде 1500-ден астам сайлаушы тіркелген. Арасында алғаш рет дауыс беретін 11 адам бар.Солардың бірі- Раушан Азаматқызы.Студент бұл референдумның кемелді келешек үшін өткізіліп жатқанына кәміл сенеді.

РАУШАН АЗАМАТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Референдумның пайдасы бұл билік пен халық арысындағы туындаған пікірталастардың бір түйіні, бір шешімі ретінде шешілетін дүние деп олаймын.Және де мемлекет тарапынан ұйымдастырылып жатқан референдум халықтың үніне, халықтың уәжіне құлақ асқаны деп білемін.Мен өзім студент болғалы бірінші рет референдумға қатысып жатырмын

Қостанайда 93 учаскі жұмыс істеп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 160 мыңнан астам қала тұрғыны енгізілген.

СӘНИЯ ШӘРІПОВА, ҚОСТАНАЙ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін екі мыңнан аса біздің азаматтарымыз мерей тойларын тойлауда.Сонымен қатар 400-ге жуық жастардың туған күні бүгінгі күнмен тұспа тұс келіп тұр.Сағат он екіден кейін комиссия мүшелері байқаушылармен бірге үй-жайларға барып, сол азаматтарға өз дауысын беруге мүмкіндік береді.

Әдеттегідей референдум учаскілеріне алғаш рет дауыс беруге келген жастар мен қарт тұрғындарға, туған күн иелеріне түрлі сыйлықтар табысталады. Қаладағы кейбір учаскілерде күй күмбірлеп, ән әуелеп тұр.Жәрмеңке ұйымдастырылып жатқан жерлер бар.

ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:

Дәл қазір сайлаушылар саябыр. Халықтың белсенділігі сағат он бірге қарай арта түседі ,дейді референдум комиссиясы.Ал саяси науқанды арнайы тіркеуден өткен жергілікті және республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері бақылап отыр.