Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана қаласының тұрғындары белсенді дауыс беруде

Дауыс берудің басталғанына 5 сағат болды. Орталық референдум комиссиясындағы тілшіміз тікелей эфирде соңғы ақпараттармен бөліседі. Аружан, халықтың дауыс беру көрсеткіші қандай? Қай өңір көш бастайды? 

Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын ақпарат таратып жатыр. Сағат 10-дағы статистика бойынша халықтың 17,79 проценті дауыс берген. Бұл - 2 миллионнан аса азамат. Әсіресе, Астана қаласының тұрғындары белсенді. Ал онан кейінгі орында Қызылорда облысы тұр. Сондай-ақ, Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары дауыс беруге асығуда. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы хабарлады. 

МҰХТАР ЕРМАН, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Абай облысы бойынша – 15,36 %

Ақмола облысы бойынша – 17,18%

Ақтөбе облысы бойынша – 19,21 %

Алматы облысы бойынша – 16,31 %

Қазір сәлден соң 12-дегі мәліметтер жария етіледі. Брифинг басталады. Ол туралы келесі шығарылымда кейінірек айтатын боламын.