Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жас аналар дауыс берді

Атырауда жас босанған аналар да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Облыстық перинаталдық орталықта бүгін дауыс беру басталғалы бері 5 сәби дүниеге келген. Оның біреуі -егіз. Жаңа ғана дүниеге келген сәбиін ұйықтата салып, өз таңдауын жасауды жөн санаған жас аналармен әріптесім Базаргүл Нәдірқызы тілдесті. 

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Біз облыстық перинаталдық орталықта орналасқан №22 жабық референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда 4 бөлімшеде 100-ге жуық келіншек жатыр. Әдетте мұнда тәулігіне 20 шақты сәби жарық дүние есігін ашады.

Алғашқылардың бірі болып, егіз сәбиін дүниеге алып келген көпбалалы ана Талшын Әмірғалиева дауыс берді. Махамбет ауданының тұрғыны Саида және Самир есімді перзентін қыркүйектің ортасында құшағына алған.

ТАЛШЫН ӘМІРҒАЛИЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Мерзімінен ерте босанып қалдым. 1 келі 500 және 1келі 400. Қазір Аллаға шүкір, балаларым қасымда. Салмақ қосып жатыр. Бейбарыс ауылында тұрамын. Сол жақтың келінімі.

МЕЙРАМГҮЛ МҰХАМЕДИЯРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы тарихи сәт, референдум сәті өмірімге нәресте әкелуімізбен тұспа-тұс келгеніне байланысты алғаш рет мен осылай перзентханада дауыс беріп тұрмын. Бұл біз үшін, балаларымыздың болашағы үшін маңызды. 6-шы баламды дүниеге алып келіп тұрмын.

Арзу БОРАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Саяси жиындарға әр адамның дауысы ерекше қажет деп ойламаймын. Бей-жай қарамаймын. Тіпті перзентханада жатсам да, өз дауысымды беріп, бей-жай қарамаймын осындай нәрселерге.

Комиссия мүшелері толғақ қысқан және босанғанына екі сағат болмаған келіншектерге босану бөлімшесіне дауыс беру жәшігін алып барды.

АЙНҰР ЖҰМАҒАЛИЕВА, №22 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Барлық жағдай жасалған. Босанушы, босанғанға дейінгі аналарға арналған. Босанушылар саны жылдан жылға артып келе жатыр. Және әр ана өзінің болашағы үшін, балаларының болашағы үшін дауыс беруге белсенді. Және бұл жөнінде дауыс беру жөнінде алдын ала аналалармен кездесіп, дауыс беру шартын түсіндірілген болатын.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейік, облыста 274 рефЕрендум учаскесі бар, оның 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған жабық учаскелер. 412 мың азамат сайлаушылар тізіміне тіркелген.