Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-ның 102 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2024
  • 256

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының 102 жастағы тумасы Хадиша Тұржанова референдумға қатысып, өз тандауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Хадиша Тұржанова 1922 жылы 20 наурызда қазіргі Күршім ауданы Қалжыр ауылында дүниеге келген. Өмір жолын адал еңбекке арнады. Тоғыз баланың анасы атана отырып, бүгінгі күні әженің 27 немересі, 43 шөбересі және 7 шөпшегі бар.

Естеріңізге сала кетейік, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, елімізде 2,1 миллионнан астам адам бюллетень алған болатын.